ТАРМПИ-ДА FOUNDATION ДАЯРЛЫҚ БӨЛІМІ АШЫЛАДЫ // В ТАРГПИ ОТКРОЕТСЯ ПОДГОТОВИТЕЛЬНОЕ ОТДЕЛЕНИЕ FOUNDATION // ТАРМПИ-ДА 147 СТУДЕНТ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛУДА // В ТАРГПИ 147 СТУДЕНТОВ ПОЛУЧАЮТ ОБРАЗОВАНИЕ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ



Дефектология және психология кафедрасы

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік интеграциялау идеялары кең таралуда: «Бала құқықтары жайлы Конвенция», «Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы», «Мүгедектер құқықтары жайлы декларациясы» және т.б. Ақыл-есі және физикалық дамуында кемістіктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу ҚР жалпы мемлекеттік білім  беру жүйесіне енгізілген. Осыған байланысты 2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Дефектология және психология» кафедрасы ашылып, 5В 010500 «Дефектология», 5В 012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша білімгерлер оқытылуда.

Мамандарды даярлаумен психологиялық-педагогикалық және дефектологиялық негізгі білімі бар педагогтар айналысады. Кафедрада психология ғылымдарының докторы, педагогика ғылымдарының кандидаттары, психология және педагогика магистрлері жұмыс істейді.

Келешек дефектолог-мамандардың кәсіби қасиеттерінің қалыптасуында пәндік олимпиадалар маңызды орын алады. ТарМПИ білімгерлері Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 050105-Дефектология мамандығы бойынша өткізілген І-ші Республикалық білімгерлер олимпиаданың жеңімпаздары.

Кафедраның ПОҚ оқыту-тәрбиелеу процесінің нәтижелі ұйымдастырылуына үлкен назар аударады. 2011-2020 білім саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасында алға шығарған өзекті мәселелерінің бірі – инклюзивті білім беру болып табылады. Осы мәселені шешумен кафедраның ПОҚ айналысуда. Кафедрада ғылыми үйірмелер жұмыс істейді: Дефектолог, Өзін-өзі тану.

«Дефектология және психология» каф. мең.

Тасжүрекова Жұмагүл Тілеуқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. 1997 жылдан бастап «Дефектология және психология» кафедрасын басқарады. ЖОО орындағы тәжірибесі 27 жыл.

1993 жылы мектепке дейінгі балалық шақ мәселелері бойынша Киевтегі мемлекеттік педагогикалық институтының мектепке дейінгі педагогика кафедрасы негізінде кандидаттық диссертацияны қорғады. Ж.Т.Тасжурекованың екі оқу-әдістемелік құралы және 40-тан астам республикалық және халықаралық конференциялар материалдарында ғылыми мақалалары жарық көрді.

Докторантураны аяқтап, мектепке дейінгі жастағы балалардың гуманистік бағыттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша ғылыми ізденістермен айналысады.

Алматы, Будапешт қалаларында өткен  «Step by step» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған оқыту семинар-тренингтарға қатысқан, халықаралық сертификаттары бар.

2003 жылдан бастап білімгерлердің адамгершілік-рухани мәселелерімен айналысады. Ж.Т.Тасжурекованың басшылығымен «Өзін-өзі тану» орталығы,  5В 012300-«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» жаңа мамандығы ашылды. «Өзін-өзі тану» курсының ЖОО оқу-тәрбиелеу процесіне енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support