• KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы

Жалпы мәлімет

Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы 2014 жылы 1 қыркүйекте құрылды.

Қазақстан Республикасының Президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

«Тарихын білмеген ұлттың болашағы да мүшкіл болуы мүмкін... Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біле бастаған елміз. Қазақтың тарихы өте үлкен»

Қожамжарова Дария Пернешқызы

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор

«Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да үлкен үлес қосып келе жатқан оқу орны. Білім беру ісі мен ғылымды қатар дамыту, өзара ұштастыру оңай шаруа емес екені белгілі. Таяуда институтымызда Түркістан өлкесінің тарихын зерттейтін ғылыми орталық ашылды. Орталыққа Қарахан дәуірінде өмір сүрген ұлы ойшыл, ақын, атақты «Құтты білік» дастанының авторы Жүсіп Хасхажиб Баласағұнның есімі берілді. Жүсіп атамыз қазіргі Қазақстанның Шу аймағындағы көне Баласағұн қаласында туған. Ғұламаның басты шығармасы – «Құтты білік» – ізгі мемлекетті қалай құру және оны қалай басқару туралы энциклопедиялық туынды. «Құтты білік» – ізгі мемлекетте өмір сүретін ізгі адамды қалай тәрбиелеу керек деген мәңгілік сұраққа жауап іздеген түркі тіліндегі алғашқы философиялық-педагогикалық шығарма. Сондықтан да, біздің педагогикалық оқу орнының жанынан ашылған ғылыми-зерттеу орталығына Жүсіп Баласағұн бабамыздың есімінің берілуі заңдылық».

«Ақ жол» газеті. – 2014. – № 137. – 2 қазан. – 2 бет.

Қоңыратбаев Ордалы Молдалыұлы – Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері:

Жүрсінбаев Бақытжан Абсаматұлы – Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Тоқболат Сейілхан – Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support