2014-2016 жылдарға арналған тараз мемлекеттік педагогикалық институтының стратегиялық даму жоспары

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

2014-2016 жылдарға арналған тараз мемлекеттік педагогикалық институтының стратегиялық даму жоспары

2014-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

Президент Н.А. Назарбаев белгілеген басты стратегиялық басымдылықтардың бірі зияткерлік қоғамды қалыптастыру: «Қазақстанға біздің ұлттың әлеуетін оятып, жүзеге асыратын зияткерлік төңкеріс».

Әлемде бәсекелестік қазақстандық білім беру жүйесінің  қалыптасуы мен нығаюына  ықпалын тигізетін жаңарту және инновациялық процестер негізгі векторлар болып табылады. 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасында біздің еліміздің білім берудегі заманауи тренділері әлеуметтік-экономикалық саладағы қайта жаңартуларымен байланысты екені айтылған. Жаңа жағдайда тек педагогикалық мамандардың кәсіби дайындау жүйесі ғана инновациялық қызметіне барынша бейімделген бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз ете алады.

Жоғары білімнің жалпыға ортақ мақсаты – студенттерде сыни, сараптамалық және тәуелсіз ойлау дағдыларын дамыту және өз саласындағы проблемаларды шешу үшін осы дағдыларды қолдануға үйрету. Қоғамның жаһандану жағдайында заманауи білім берудің ең күрделі және маңызды міндеттерінің бірі студденттерді ертеңгі күні өмір сүру мен табысты қызмет атқаруға үйрету болып табылады. Осы проблеманы шешу базисы орта және жоғары мектеп болып табылады.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты келесі міндеттерге назарын аударады: стратегиялық жоспарлау, адами ресурстарын, тәуекелді, өзгерістерді басқару, педагогикалық білімнің қоғамдастық алдындағы жауапкершілікті анықтау, жоғарғы корпоративтік мәдениетіне негізделген қаржы менеджменті.

2014-2016 жылдарына арналған ТарМПИ-дің стратегиялық даму жоспарын құрастыру қажеттілігі білім беру жүйесін жаңартужың жаңа басымдылықтарымен анықталған. Оларға сәйкес әлемдік тенденцияларына барабар ЖОО қызметінің бағдары мен басымдылықтар жүйесі, Қазақстанның Оңтүстік аймағының дамуында институттың орнын нығайту және жетістіктерге жету үшін оларды жүзеге асыру тәсілдері мен механизмдері қалыптасқан.

2014-2016 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support